Ақтөбе облысында адамдарды алдаған блогер қолға түсті
Мұғалжар ауданының тұрғындары полиция бөліміне алдандық деп арызданыпты.

Ақтөбе облысында азаматтардың сеніміне кіріп, алдап соққан блогер ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлайды.
Мұғалжар ауданының тұрғындары әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушысы алдап соқты деп полиция бөліміне арыз жазыпты. Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың аяғына өзін блогермін деп көрсеткен 35 жастағы аудан тұрғыны төрт тұрғынды алдап, ақшасын иемденгені анықталды. Күдікті жәбірленушілердің біріне балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне жүргізуші куәлігін алуға көмектемесін, сондай-ақ тендерді ұтып беруге уәде берген.
Төрт жәбірленушінің шығыны он миллион теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.