Қазақстанда медициналық колледждерді тексеріп жатыр

Тексеріс нәтижесінде 3 колледждің уақытша лиценциясын тоқтатып, екі оқу орны айыппұл төлеген.

Қазақстанда медициналық колледждерді тексеріп жатыр
Фото денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасынан жүктелді

Елімізде медициналық білім беретін колледждерді тексеру басталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазақстанның тоғыз өңірде жұмыс істейтін 13 медициналық колледждң тексеру жоспарланыпты. Қазіргі таңда бес оқу орны тексерістен өткен. Соның нәтижесінде үш колледждің лицензиялар заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына байланысты уақытша тоқтатылды. 

Екі колледж айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бақылау қорытындысы бойынша өңірлер бойынша жиынтық деректерді және білім беру қызметінің сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық есеп дайындалмақ.

Бұл тексерістер медицина саласында білім беретін оқу орындарының сапалы білім беруін қадағалау үшін енгізілген. Ведомство өкілдері бақылаудың оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкестігі, оқу процесін материалдық-техникалық жарақтандыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау, санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтау, іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша қолданыстағы аккредиттеудің қамтитынын жеткізді.

— Бақылау жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде — білім беру қызметіне лицензияны тоқтата тұруға немесе күшін жоюға дейінгі заңнамада көзделген шаралар қолданылады, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Бүгінгі таңда  Қазақстанда 94 медициналық колледж студенттерді даярлайды. Оқу ордаларында тоғыз мамандық бойынша оқытады. Мейіргер ісі, емдеу ісі, акушерлік, стоматология, ортопедиялық стоматология, фармация, гигиена және эпидемиология, зертханалық диагностика мен медициналық оптика бойынша талапкерлер білім алады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp