2 часа назад

БҚО-да 49 бас мал ұрлаған баукеспелер ұсталды

Ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы екені анықталды.

БҚО-да 49 бас мал ұрлаған баукеспелер ұсталды
БҚО Полиция департаментінің видеосынан стоп кадр

Батыс Қазақстан облысында мал басын ұрлағандар құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Тәртіп сақшыларының таратқан ақпарына сүйенсек, еркін жайылымда жүрген жайылымда жүрген малды қолды қылған. Қолға түскен күдіктілердің бірі шаруа қожалығының басшысы екені анықталды.

— Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан. Қазіргі уақыта полиция топ мүшелерінің жалпы соммасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді. Барлық күдіктілер қамауға алынды, — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мал ұрлаған жандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, бар мал-мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қолданылады.

В Атырау жена дебошира ударила ножом полицейского, приехавшего ей помогать

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp