3 часа назад

БҚО-да салынғаны 2 жыл болмаған мектеп жөндеуге жабылды

Теректі ауданына қарасты Магистральный ауылында орналасқан мектеп бірінші тоқсаннан соң, жөндеуге жабылды.

БҚО-да салынғаны 2 жыл болмаған мектеп жөндеуге жабылды
Медет Медресовтың фотосы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Магистральный ауылы тұрғындарының қуанышы көпке созылмады. Екі-ақ жыл бұрын пайдалуға берілген жаңа білім ошағы жөндеуге жабылды. Мектептің қабырғаларында жарықтар пайда болып, едені отырған. 2025 жылдың 23 қазанында жарықтар ұлғайған. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаулы.

— Осы мектеп салынды. Содан кейін кішкентай жарықтар пайда болды. Жөндеу жұмыстарын жасап, бір жылдың ішінде олқылықтарды жойды. Қазір жарықтар ұлғайды. Еден шөгілуде. Балалар мектепте оқи алмайды. Сол себепті оны жауып тастады. Бізді Ақсуатта оқытпақ. Ол ауыл қатынас үшін алыс. 20 минуттай жүру керек. Біздің мектепте шамамен 120 оқушы оқиды. Оған қоса мектептің мұғалімдері мен қызметкерлері бар. Оқушылардың өзге ауылға баруы үшін қанша автобус керек екені белгісіз. Өткен дүйсенбіде мектепті жапты. Біз бірінші тоқсанды оқып шықтық. Жаңа директор келді. Ол мектептің жұмысын тоқтатып, барлық мердігер компанияларды шақырып жатыр. Онлайн оқуымыз мүмкін. Не Ақсуатта оқимыз. Онлайн оқи алмайтын болармыз, себебі балалардың білімінде олқылықтар болады. Мектепті бір-екі айға жабады екен. Сол себепті онлайн оқу мен өзге ауылда келмейді. Ауыл тұрғындары құрылысқа қарсы болды. Себебі көктемде еріген су мектепті шайып тұрады. Қазіргі таңда олар жарықтарды жамап қойса да, көктемде жағдай қайталанады. Мектептің жүк көтергіш (несущая стена) құлап қалуы мүмкін. Біз балаларымыз үшін қорқамыз. Қабырғада жарық бар. Кейбір сыныптың едені шөгіліп жатыр. Тіпті сыныптың ішіндегі қабырғадан сырт көрінеді деп айтады,— дейді Магистральный ауылының тұрғыны Анастасия Чернова.

Облыстық білім басқармасының таратқан ақпаратына сүйенсек, Магистрал мектебі 2023 жылдың желтоқсанында тапсырылған. Жаңа ғимараттың құрылысы «КПО б.в.» компаниясының қаражатына салынған. Ал,жобалық-сметалық құжаттаманы Теректі ауданының құрылыс бөлімі әзірлепті. Жер учаскесін анықтау және бөлу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырған.

— 2025 жылы аралық қабырғаларда жарықтар пайда бола бастады. 2025 жылғы 23 қазанда оқу процесі кезінде бір кабинет қабырғасындағы жарықтар ұлғайған. Жобалық құжаттарды зерделеу барысында құрылыс кезінде жоба талаптарынан ауытқулар болғаны анықталды. Бұл жағдайға мердігер ұйым тарапынан кеткен бұзушылықтар себеп болған. Қазіргі уақытта нысанның кепілдік мерзімі 2025 жылдың желтоқсанына дейін жарамды. Мердігер компания жобалық ақауларды түзету жөніндегі жұмыстарды орындаудан бас тартпайтынын растады, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы.

Жаңа мектептің жай-күйін білмек мақсатта оқу ордасының директорымен тілдестік. Ол басшылық қызметке 2025 жылдың 21 қазанында тағайындалғанын мәлімдеді. Директор мектептің ғимаратты құрылысы аяқталған мезетте өзі қабылдамағанын, ауыл тұрғындары осы жерге оқу ошағын салуға қарсы шыққанын білмегенін хабарлады.  

— Бұл мектепке мен 21 қазаннан бастап бұйрық бойынша директор болып тағайындалдым. Оған дейін де бірнеше басшы болған. Мектепті қабылдаған кезде мен мүлдем болған жоқпын. 21 қазан күні келіп, жұмысымызды бастап жатқанда міні көріп отырсыздар ғой, шағын ғана жырықтар бар. Мен оларды көрдім. (...) Екі күннен кейін мен барлық жерге қызметтік хат жаздым, түсіндіріп айттым. Физика кабинетінде осындай жарық үлкейіп кетті. Сразу предметник (пән мұғалімі-ред.автор) хабарлады. Бізде осылай деп. Бізде ана жерде интерактивный доска (интерактивті тақта-ред. автор) ілініп тұрған. Интерактивный тақтаны алып тастадық. Балаға қауіп тудырмау үшін сыныпты басқа сыныпқа ауыстыра салдық. Мен бірден білім беру бөліміне бардым. «Менде осындай жағдай болып жатыр. ЧС, төтенше жағдай», деп. Ар жағынан олар бірден әсер етті. Бұл жағдай 23 қазанда болды. Өздерінің жауаптарын қайтарды. Менің құрылыстан көп хабарым жоқ. Бұл мектепті салған, жауапкершілікпен алған «КПО б.в.» компаниясы. Мердігері «Қазстрой LTD» деген компания. Басшысы Алматыда, дейді. 23 қазанда кешкісін мердігердің Батыс Қазақстан бойынша өкілі, «КПО в.б.»-дың өкілі, құрылыс басқармасы,өзіміздің облыстық басқарманың басшысы мен білім беру бөлімінің басшысы келді. Біз осы жерде жағдайдың бәрін көрсеттік. Осындай жағдай болып жатыр, деп хаттама негізінде тіркеп, қандай шешім жасаймыз деп. Содан кейін бір-екі күн өтті. Одан кейін мен хабарласып, звондадым. Олардың осы уақытқа дейін жүргізген жөндеу жұмыстары тиімсіз. Тек бетін майлап кеткен ғой. Ішінде кетіп жатқасын, бір өзгерістер болып жатыр деген сөз ғой. Жар жарылып тұр, иә. Еден отырып жатыр. Еден түзу емес. Мектептің көпшілік бөлігінде. Спортзал ондай не емес. Спортзалда ағаш еден ғой. Бірақ, линолиум төселген жерде бар екен. Оны мен басшы ретінде хабарламамды, қызметтік хатымды жібердім. Аудандық білім беру бөлімі сразу реагировать етті. Кешке жинадық. Жиналғаннан кейін екі-үш күннен кейін, екінші отырыс болды. Өздеріңіз білесіз ол мәселе бірден шешілмейді. Салынған жеріне, несіне, көп тарихы бар екен ғой. Басында қарсы болған ба? Мен білмеймін, шынымды айтайын. Мен қазір не біліп отырмын, соны айтып отырмын. Ар жағында бір күн қалды. Басқаларында ондай жырық жоқ. Ана кабинеттерді жауып тастадық, кіргізген жоқпыз. Одан кейін балалар каникулға кетті. Балаларға ескерттік. Бұл мәселе анықталмай тұрып, мен ата-аналарға ештеңе айта алмаймын. Қазіргі таңда техзерттеулер жұмысы жүргізді. Соның жауабын күтіп жатырмыз,— дейді мектеп директоры Гаухар Оразова.

Екінші тоқсан қарсаңында жабылған мектептің оқушыларын оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі өзекті еді. Ата-аналарды да бұл мәселе алаңдатады. Білім ошағының басшысы интернет желісінің әлсіздігінен балаларды онлайн оқыта алмайтынын ашып айтты. Ол бұл шешімге ата-аналар да қарсы екенін тілге тиек етті. Баланың онлайн білім алу үшін телефон мен арнайы техника қажет.

— Ұсыныстар болды. Мына жерде ескі мектеп бар. Ол ескі мектеп баланың оқуына келмейді. Көптен бері бос тұрып қалған. Онлайнға сеть дейміз ғой, мобильді байланыс төмен. Сосын көптеген ата-аналар қарсы болды. Телефоны мен құрал-жабдықтары бар, интернеттің нашар болуына байланысты біз балаларды оқыта алмауымыз мүмкін. Содан кейін біз ақылдаса отырып, акиматпен шешкеніміз ертең техисследования (техникалық зерттеу—ред.автор) шығады, нақты мамандар оларға рекомендация береді. Одан кейін КПО өзінің мердігер компаниясына нақты, тиімді, жөндеу жұмыстарын қайталамасын деп жұмыстанады. Оған белгілі бір уақыт керек, Әзірге мен кіргізе алмаймын,— деп хабарлады Гаухар Оразова.

Теректі аудандық білім беру бөлімі Магистрал мектебіне жөндеу жүргізу үшін техникалық зерттеу жүргізуге тапсырыс беріпті. Сол зерттеудің қорытындысы бойынша мектепті қалай жөндейді, жөндеудің қашанға дейін жүргізілетіні белгілі болмақ.

Облыстық білім басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Магистрал мектебін 113 оқушы оқиды. Жөндеуге жабылған оқу ордасының 1-4 сынып оқушылары «Пойма жалпы білім беретін мектебі», ал 5-11 сыныптың 87 оқушысы Ақсуатта білімін жалғастырмақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp