БҚО-да жүк көлігі өртенді

Оқиға Бөрлі ауданына қарасты Жаңақоныс ауылында тіркелді.

БҚО-да жүк көлігі өртенді
БҚО ТЖД фотосы

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі жанды. Оқиға Бөрлі ауданына қарасты Жаңақоныс ауылында тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Өрт сөндірушілер газ-баллон қондырғысы орнатылған жүк көлігінің кабинасында тұтанған тілсіз жауды жедел сөндіріпті. Абырой болғанда, қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ. Өрт техниканың ақауынан болған деседі. Тілсіз жауды сөндіру үшін бес адам мен бір техника жұмылдырылған. 

 — Автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp