«Бөкейорда» резерватының бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді
Қазіргі таңда резерват басшысының үстінен қылмыстық іс тергелуде.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Қазіргі таңда директордың үстінен қылмыстық іс тергелуде. Басшы резерватта жұмыс істемеген адамға жалақыны заңсыз аударып, мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініпті. Соттың санкциясымен директор қамауға алыныпты. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр, деседі агенттік қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты 2022 жылы құрылған еді. Cол кезде резерват басшысы болып Ұлан Мамырбаев тағайындалды.