Жолдан аққуды тауып, оны қорасында ұстаған Серікқали Нұрадилов құсты айдынға жіберді. Аққу өзен бойымен жүзіп кетіпті. 29 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылының маңында ауыл тұрғындары тұмсығы жараланған аққуды көріп, үйіне алып келді. Жаралы құсты ауыл тұрғыны Серіккқали Нұрадилов қорасында күтіп, ас- суын беріп, мамандарға хабарлағаны туралы жазып едік. Ақсақал бізге берген сұқбатында аққуды Жақсыбай өзеніне жіберуді жоспарлап отырғанын айтып еді.
БҚО-да аққу айдынына оралды
Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылының тұрғыны аққуды айдынға жіберді.