Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елдің батыс өңірінде жұмыс істейтін жеке балабақшалардың тәрбиесіне алаңдаулы екенін жеткізді. Ол балабақшаларда орын тапшы болғандықтан, жеке бөбекжайлардың көптеп ашылып жатқанына тоқталды. Депутат бұл үрдіс көптеп кездесетінін атап өтті.
Абзал Құспан діни топтар жекеменшік балабақшаларды ашып жатқанын айтып, ол мекемелердің беретін тәлім-тәрбиесіне күмән келтірді.
- Көптеген діни топ өкілдері жеке балабақшалар ашып, қандай тәлім-тәрбие беріп жатқаны белгісіз. Бірақ осындай жағдай еліміздің батыс өңірінде кеңінен таралған. Сол туралы бұрын айттық. Атырау қаласындағы бір балабақшалар туралы айттық. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осы білім, тәрбие мәселесінде тексеру құзыретінде кеңейту қажет деп есептемейсіз ба?, - деп сауалын жолдады депутат.