Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

Жыл соңына дейін тағы 300-ден аса ғимарат мүгедектігі бар жандардың емін-еркін қызмет алуы үшін бейімделмек.

Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Фото “МГ” порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысында 567 әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар адамдардың емін-еркін қозғалып, қызмет алуы үшін бейімделген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  2025 жылдың соңына дейін өңірде 368 ғимаратты бейімдеу жоспарлан.

— «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына  енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20% бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің- 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100% бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23 206 нысан толықтай бейімделген, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Маңғыстау өңіріне орналатын болсақ, бейімделген мекемелердің 87  денсаулық сақтау объектісі,259 білім беру нысаны, 28 мәдениет нысаны, 73 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым,тоғыз спорт нысаны, төрт әлеуметтік қорғау объектісі, 81 сауда және ойын-сауық орталығы, екі көлік объектісі, 24 өзге де ғимараттар екен.  

— Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрына барғанымда, ғимаратқа кіру қаншалықты қолжетімді болғанын көріп қуанып қалдым және жақында қаламыздағы ең үлкен супермаркет – «Динадан» сауда жасадым, онда көп тауар алуға өте ыңғайлы болды, кіріп-шығуға жағдай жасалған, тактильді плиталар, мүгедектерге арналған көрсеткіштер бар. Мен әрдайым бізге жасалған жағдайларға назар аударамын. Бұл – қала тұрғындары, соның ішінде біз үшін де ең жиі баратын орындар, - деп ІІ топ мүгедектігі бар Ислам Атакишиев ойымен бөлісті.

Маңғыстау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті биыл профилактикалық бақылау шеңберінде жеті және жоспардан тыс бақылау шеңберінде 15 тексеру жүргізіпті. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы алты нұсқама енгізіліп, алты нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң бұзу фактісі анықталғанда мамандар әуелі нұсқама береді екен. Оны орындамағандар әкімшілік жаза арқалайды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp