3 часа назад

Мектеп асханаларына арналған жаңа мәзір қолданысқа енді

Мектеп асханасында даярланатын тағамдардың қант пен тұздың мөлшері азайды.

Мектеп асханаларына арналған жаңа мәзір қолданысқа енді
Автордың фотосы

Қазақстанда бірінші қыркүйектен бастап мектептегі тамақтануға өзгерістер енді. Биылдан бастап білім ошағының асханасында берілетін асқа жаңа мәзір жасақталды. Енді мектеп қабырғасында фастфуд пен майға қуырылған тамақ түрлері мен газдалған сусындар, айран, саңырауқұлақ, морс,квас, ыстық соустар, кофені саудалауға тыйым салынды. Осыған байланысты «Мой город» порталының тілшілері Орал қаласында орналасқан №1 жалпы орта білім беретін мектепке барып, ас мәзірімен танысты.

Үшінші қыркүйекте бастауыш сыныптың оқушылары үшін тауық етінен жасалған қарақұмық, нан және кисель берілген.Жекелеген санаттағы оқушыларға мәзірде ыстық тағаммен қоса, алмұрт та бар. Оқу ордасында 1350 бала білім алады. Бастауыш сыныптың 560 өрені мен түрлі жекелеген санат бойынша алпысқа жуық оқушы  ыстық тамақпен қамтылған.

— Мектептегі асхананың ас мәзірі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартына сәйкес денсаулық сақтау министрлігінің 302 стандартына әзірленді. Биылғы оқу жылында өзгерістер енгізілді. Перспективалық жаз, күз, қыс, көктем мезгіліне төрт апталық ас мәзірі берілді. Бізге асханада «Қуат» жеке кәсіпкері қызмет көрсетеді. Ата-аналарға да, оқушыларға да, асханаға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерге де ас мәзірі тиімді. Балалардың денсаулығына пайдалы. Тағамда қант пен тұздың мөлшері денсаулығына сәйкес келтірілген. Көктер тағамдарға көп қосылған. Өзгерістердің барлығы балалардың денсаулығына өте пайдалы. Қазіргі таңда пицца, фаст-фундтар сатылмайды. Сосискамен берілетін пирошкиде сатылым да жоқ. Асхананың сөресінде майға қуырылатын тағамдар саудалайды, — дейді №1 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Гүлдана Сергазиева.

Мектеп қабырғасында асханада балаға берілетін тағамды қарап, тексеретін арнайы комиссия құрылған. Оның ішінде қамқоршылық кеңестің мүшелері, ата-аналар комитеті, директордың тәрбие орынбасары, әлеуметтік педагог пен басшы ай сайын тағамның өлшемдерін, салмаққа сәйкестігін, тағамның берілуін тексереді.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp