Оралда «Депо» көпірі ашылды
Көпір ағымдағы жөндеуден өтті.

Облыс орталығында «Депо» көпірі ағымдағы жөндеу көріп, қайта ашылды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі хабарлады. Көпір 26 маусымда жабылған еді. Сол себепті шаһарда көлік қозғалысы қиындады. Әкімдіктің таратқан ақпарына сүйенсек, жөндеуді «Нұртем»ЖШС компаниясы атқарған. Мердігер 11 деформациялық жікті қалпына келтірілген. Көпірдің жалпы ұзындығы -536 метрді құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы "Депо" көпірі күрделі жөнделді. Көпір 1965 жылы салынған.
Закрытие деповского моста отложили в Уральске
Деповской мост открыли в Уральске