• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында сайыс басталды

Облыс орталығында әскери қызметкерлер арасында самбодан чемпионат басталды.
Оралда Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында сайыс басталды
"Батыс" өңірлік қолбасшылығының фотосы

Оралда әскери қызметшілер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты басталды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Ақжайық өлкесінде басталған жарыста 100-ге жуық спортшы бақ сынауда. Олардың 12 жауынгері Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Чемпионатқа Ұлттық ұланның «Оңтүстік», «Орталық», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары, сондай-ақ Астана қаласындағы 5573, 6636 әскери бөлімдері, Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімі мен Петропавлдағы Ұлттық ұлан Әскери академиясының қызметкерлері қатысады.

Боз кілемде спортшылар алты салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Жарыстың финалы 16 сәуірде өтпек.

Главный баннер --> after article