3 часа назад

Оралда жаңа қосалқы станция ашылды

Жаңа қосалқы станция «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан.

Оралда жаңа қосалқы станция ашылды
БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының фотосы

Облыс орталығының «Жұлдыз» шағынауданында кернеуі 110/10 киловаттық жаңа қосалқы станция ашылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады. Қосалқы станцияның құрылысы өткен жылы басталды. Бұл үшін республикалық бюджеттен 3,2 миллиард теңге және жергілікті бюджеттен 190 миллион теңге қаржы бөлінді.

Жаңа станция Жұлдыз, ескі әуежай, 6, 7, 8, 9, 10 шағынаудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етпек.

Облыстық әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, қосалқы станцияда қазақстандық өндірушінің жоғары вольтты заманауи жабдықтары орнатылған. Жаңа инфрақұрылым екі күштік трансформатор, кернеуі 110 киловаттық алты тізбектік әуе желісімен жабдықталған. Оның ұзындығы 300 метрді құрайды. Сондай-ақ төрт анкерлік тірек, бес көлікке арналған автотұрағы бар жөндеу базасы мен әкімшілік корпусы бар.  

Нысан толықтай іске қосылғасын Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының қызметкерлері жұмыс істейді. 

БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының фотосы

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp