12 августа в 15:30

Қазақстанда жатақханаға орналаса алмаған студенттер үшін ахуалды орталық қызметін бастады

Орталық өткен аптада өз қызметін бастады.

Қазақстанда жатақханаға орналаса алмаған студенттер үшін ахуалды орталық қызметін бастады
Фото: pexels.com

Оқу жылы жақындаған сайын түрлі мәселе туындайтыны жасырын емес. Әсіресе, өзге қалада білім алатын студенттерге жатақханамен қамту ісі қиындай түседі. Қазіргі таңда он мыңға жуық орын тапшы. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзіне сенсек, орын тапшылығы мәселесі Алматы қаласынан өзге өңірде шешілген екен. 

Жатақханадан орын беру мәселесінде бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі екен. Үш жыл бұрын жатақханаларда 88 мың орын тапшы болыпты. Бұл көрсеткіш он мыңға дейін қысқарған.

Елімізде жатақханадан орын таба алмаған студенттерге ахуалды орталық қызметі іске қосылды. Егер жатақханадан орын берілмесе немесе қоныстануда қиындықтар туындаған жағдайда барлық курс студенттері орталық қызметіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда ЖОО аралық үйлестіру шеңберінде студенттер бос орындары бар басқа оқу орындарының жатақханаларына жіберіледі. 

Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған студенттерге, мәселен, түнде келген, жатақханаға қоныстанбаған студенттерге дағдарыс орталығынан 55 орын бөлінген. Уақытша орналастыру үшін жылына үш рет тексеруден өтетін хостелдер де қарастырылған.

 — Біз бірде-бір студент көшеде қалмауы керек деген қағиданы негізге алдық. Бұл үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, — деп атап өтті ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жатақханаға орналаса алмаған студенттер ахуалдық орталыққа хабарласа алады. Орталықтың байланыс нөмірі: +7 (700) 255 14 43, +7 (700) 950 95 28,+7 (727) 237 01 70.

Фото: pexels.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp