Ақжайық ауданына қарасты Үштөбе ауылында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы хабарлайды.
Жаңа оқу ордасы 1,2 гектар жерде орналаспақ. Оның жалпы аумағы 1600 шаршы метрді құрайды.
Білім ордасында оқу сыныптары, еңбек кабинеттері (ұлдарға және қыздар арналған),кітапхана және оқу залы, 96 орынға арналған акт залы, асхана, медициналық кабинет, әкімшілік кабинеттер мен спорт зал болмақ.
- Жаңа мектеп оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беретін болады. Заманауи талаптарға сай салынатын білім ордасы балалардың дамуына, сапалы білім алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, -деп хабарлайды құрылыс басқармасы.
Қазіргі таңда Үштөбенің оқушылары 1970 жылы салынған, тозығы жеткен ғимаратта білім алып келеді. Ескі мектеп күні бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмеген.
Жаңа мектептің құрылысы алдағы оқу жылының басына дейін аяқталады деп жоспарлануда.