Қазақстандық оқушы Алихан Сериков атақты Stanford университетінің толық грантына ие болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқушы робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері атанған.
– Алихан Сериков FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетті. Алихан Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының үшінші орнын иеленді, - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Алихан Stanford университетінде Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама- технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт.
Stanford - әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі. Осы университетке жыл сайын 6700 студент пен сегіз мың аспирант оқуға түседі.
Өткен жылы QS World University Rankings рейтингісі сәйкес Stanford жоғары оқу орны әлемдік рейтингте алтыншы орынға тұрақтапты.