Павлодар облысында жеңіл көлік жылқыға соғылып, салдарынан бір әйел мен бес бала дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Мой Город Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің парақшасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Қызылорда–Павлодар тасжолында, Айнакөл ауылының маңында орын алған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, апат 13 мамыр күні шамамен сағат 21:55-те тіркелген.

Алдын ала ақпарат бойынша, жеңіл автокөлік жолға кенеттен шыққан жылқыға соғылған. Оқиға орнына жедел түрде Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жеткен.

Дәрігерлер көлікте болған алты адамды тексеріп шықты. Олардың арасында бір әйел және жасы 2 мен 12 аралығындағы бес бала болған. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейін балалар анасының бірге қосымша тексеруден өту және ем қабылдау үшін балалар ауруханасына жеткізілді.