Ақтөбе облысында 516 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында биыл 600 жуық заң бұзушылық тіркелген.

Ақтөбе облысында 516 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылыпты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде облысында биыл алты жүзге жуық заң бұзушылық тіркеліп, 516 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Прокурорлар алты мыңнан астам адамның құқығын қалпына келтірдік деп мәлімдеді.

Облыс орталығында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылайтын жиын өтті. Жиында прокурорлар атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, құқық бұзушылықпен күресін жайып салды.

- Үш миллиард теңге бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді. 620 миллион теңге өндірілсе, оның 538 миллион теңгесі мемлекет кірісіне.Құрылыстар салу және тұрғын үйді жекешелендіру салаларындағы жымқыруларды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс бойынша 21 сотқа дейінгі тергеу басталды.Бұдан бөлек, прокурорлармен үлескерлерді алдаған алты тұлғаның сотталуына қол жеткізді. Сотпен үлескерлердің мүддесіне қатысты төрт азаматтық талап-арыз қанағаттандырылып, мәмілелердің жарамсыз деп танылуы және жер учаскелерінің тұрғын үй кооперативтеріне берілуі қамтамасыз етілді.Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша әкімдікпен жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Өңірде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 30 мыңнан астам адамның көмек алуына қол жеткізіпті. Сондай-ақ жетім балаларға 45 пәтер берілді.

Биыл Ақтөбеде 27 инвестордың құқығы қорғалып, 17 кәсіпорын үшін электр энергиясының тарифі төмендетілді.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp