Ақтөбеде 300 Әлия бас қосты
Ақтөбеде «Мен Әлиямын» атты форум өтті.

Ақтөбеде «Мен Әлиямын» атты форум өтті. Оған батырдың есімімен аттас жандар қатысты.
Бұл шара Кеңес Одағының батырының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қатысушылардың дені-мұғалім, дәрігер, мәдениет саласының үздігі. Бір қызығы батыр қыздың туған күнінде төрт Әлия мен Ілия дүниеге келіпті.
Олар да осы форумнан табылды. Форум қатысушылары батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Форум үш кезеңнен тұрды. Бес пен жеті жасар Әлиялар батыр қызға арналған арнауларын оқыды. Ал, шақалақ Әлиялар аналарымен бірге алғаш рет сахнаға шықты.
Сәбилерге арнайы ойыншықтарды сыйлады. Форумда жасы үлкен 88 жастағы Әлия әжей жиналған жандарға батасын берді. Бұл күні Ақтөбе қаласында таңғы 7.40-та қыз бала дүниеге келді. Шақалаққа Әлия есімін берген.
Еліміз бойынша 70 мыңнан астам «Әлия» өмір сүреді. Оның 40 мыңнан астамы Ақтөбе облысында тұрады екен.