Атыраулық оқушы Жазира Кеңесова наурызда ҰБТ тапсырып, үздік нәтиже көрсетті. Ол 140 балл жинады. Бұл туралы Атырау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Үздік нәтиже көрсеткен бұрымды дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда білім алады. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің комбинациясы бойынша тест тапсырған.

Күні бүгінге дейін елімізде наурыз айында ұйымдастырылған ұлттық бірыңғай тестілеуде 117 мың адам сынақ тапсырған. Ұлттық тестілеу орталығының келтірген мәліметіне сүйенсек, ереже бұзған 179 адамның нәтижесі жойылған. Талапкерлердің 67 пайызы шекті баллды жинапты. Наурыз ҰБТ-сы алтыншы сәуірге дейін жалғасады.