4 часа назад

Қазақстанда инфляция көрсеткіші 8,6 пайызды құрайды

Өткен жылы елде инфляция көрсеткіші 9,8 пайызды көрсеткен.

Қазақстанда инфляция 8,6 пайызды құрайды
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстанда инфляция 8,6 пайызды құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,8 пайызды құрапты. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Парламенттің бірлескен палатасының жиынында еліміздің  бас қаржыгері: «Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 триллион теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 триллион  теңге немесе  жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті», деп хабарлады.

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында қаржы министрі жалпы ішкі өнім 4,8 пайызға өскенін айтты. Жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мұнай секторының септігі көп екен.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp