Биыл БҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5,5 млрд теңге кредит берілмек
Биыл өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында 886 жұмыс орнын құру жоспарланыпты.

2023 жылы ауылдық жерде тұратын жандардың әлеуетін көтеру үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Екі жыл бұрын батысқазақтандықтар алты миллирад теңгеден астам қаржыға несие берілді. Бұл туралы «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады. Сала мамандары таратқан ақпарға сүйенсек, 2023 жылы 992 шағын несие берілді. Соның арқасында 1 135 жаңа бос жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының дені жеке кәсіпкерлерде, кооперативтерде құрылған. Несие алғандардың 113-і бұрын еңбекке араласпағандар көрінеді.
— Құрылған жұмыс орындары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Мал шаруашылығына 914 адам, құс шаруашылығына 30 адам, өсімдік шаруашылығына 42 адам, шағын бизнесті дамыту 149 адам еңбекке араласты. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында қызметін бастаған нысандарда жаңа ашылған 104 жұмыс орнына мансап орталықтары арқылы жұмыссыздар орналастырылды. Атап айтқанда, 5 433,6 миллион теңгеге немесе 84,5% 943 жеке кәсіпкер қаржылындырылған болса, 995,4 миллион теңге немесе 15,5 пайызы 49 кооперативке тиесілі, - делінген «Ақжайық» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясының хабарламасында.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қыруар қаржы бөлінеді деп хабарлаған еді. «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы несие алушыларға 7,9 миллиард теңге қаржы көлемінде 922 адамға шағын несие беру арқылы 978 жұмыс орнын құру жоспарлапты. Алайда қаржы қысқарып, тек 2,5 миллриад теңге қаражат түскен. Осы ақшаға 268 шағын несие беріліп 400 жаңа жұмыс орыны құрылыпты. Сала мамандары несие алғандардың 82 жобасы немесе 624 миллион теңгесі (25%) - мал шаруашылығына тиесілі. 15 жоба немесе 127 миллион теңге (5%) өсімдік шаруашылығына жұмсалған. 30 жоба немесе 206 миллион теңге (8%) құс шаруашылығына арналған. 107 жоба немесе 1232 миллион теңге (49%) техника мен құрал жабдықтар сатып алуға және 34 жоба немесе 311 миллион теңге (13%) өзге де бағыттарға бөлінген.
Биыл Батыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5,5 миллиад теңге қаржы көлеміне 815 шағын несие беріп, 886 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Несиенің 30% немесе 1 650 миллион теңгесі 387 жобасын сүтті ірі қара мен және қой өсіруге бағытталмақ. Қаражаттың 32% немесе 1 760 миллион теңгеге 60 жобасы ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтеріне техника мен құрал- жабдық сатып алу және лизингке жұмсалмақ. Ал, 18% немесе 990 миллион теңгеге 204 жобасы жеке кәсіпкерлерге өзге техника мен құрал жабдықтар сатып алуға жоспарланып отыр. Ал қалған 20% немесе 1 100 миллион теңгеге 204 жоба құс, өсімдік шаруашылығы және өзге шағын кәсіпкерге бағытталады.