БҚО-да қайтарылған активтер есебінен медицина нысандары салынуда

Қазіргі таңда арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен өңірде 14 жаңа медициналық мекеме бой көтермек.

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен ауылдық медицина нысандары салынуда
БҚО әкімдігінің фотосы



Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтердің есебінен ауылдық медициналық  нысандар салынып жатыр. Бұл туралы  облыстық әкімдік хабарлайды. Биыл арнайы мемлекеттік қордың қаражатынан 14 жаңа медициналық мекеме бой түземек. Оның үшекі жергілікті медицина қызметкерлеріне қолданысқа берілді. Осы бастаманың арқасында 14 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы медициналық қызмет алады. 

Жаңа нысандардың қатарында бес дәрігерлік амбулатория, алты  фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және үш  медициналық пункт бар. Облыстық әкімдік таратқан ақпарға сүйенсек, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын дәрігерлік амбулатория Ақжайық ауданына қарасты Алматы ауылында, Бәйтерек ауданы Железново пен Янайкино ауылы, Жаңақала ауданы Бірлік ауылы мен Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында орналасқан. Ал фельдшерлік-акушерлік пункт Ақжайық ауданының Қонеккеткен, Қырқопа, Жанабұлақ және Базаршолан ауылдары, Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылы, Сырым ауданының Шағырлой ауылында бой түзебек. Сала мамандары бұл нысандардың басым бөлігі 80–100% аралығында дайын екенін хабарлады.

- Медициналық пунктер Бәйтерек ауданының Зеленое және Қаражарауылдарында, сондай-ақ Бөрлі ауданының Қарақұдық (Тихоновка) ауылында салынып жатыр. Бұл пункттер қосымша 2 мыңғажуық ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етпек,-делінген Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің хабарламасында.

Ауылдағы медициналық мекемелерден бөлек, облыс орталығында №8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 400 балаға арналған оқу ордасының құрылысы 45 пайызға аяқталыпты.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp