31 наурызда Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылының маңында мектеп автобусы мен қоғам көлік соқтығысты. Соның кесірінен 30 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарма таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол апатынан зардап шеккен науқастар төрт ауруханада ем-дом алған. Зардап шеккендердің жетеуі ересек, қалғаны оқушылары.Қазіргі таңда төрт бала облыстық көп салалы балалар ауруханасында емделіп жатыр. Оқушылар жабық ми жарақатын алыпты. 31 наурызда Облыстық көп салалы балалар ауруханасының хирургия қызметінің басшысы Дәурен Құсмағанбетов емдеу мекемесіне 24 баланың жеткізілгенін хабарлады. Ол 21 баланың жұмсақ тініне зақым келіп, амбулаториялық емдеуге жіберілгенін мәлімдеген еді. Алайда бірінші сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың санын байланысты өзге ақпаратты жариялады.

- 19 бала, жеті ересек науқастар толық тексеруден өткеннен кейін (рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, зертханалық зерттеулер) және бейінді мамандардың қарауынан соң, ұсыныстармен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Самара-Шымкент тас жолында, Подстепный ауылының тұсында бағдаршамда тұрған мектеп автобусын жолаушыларды тасымалдайтын автобус артқы жағынан соққан. Ішінде балалары бар мектеп автобусы инерциясымен алдында тұрған темір тұлпарды соқты. Полиция департаменті автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен оқушылар №2 Подстепный мектебінде оқитыны белгілі болды.

ДТП со школьным автобусом в ЗКО: в больницу доставили 24 ребенка

ДТП со школьным автобусом в ЗКО: водитель маршрутки водворён в ИВС

БҚО-да ішінде оқушылары бар мектеп автобусы жол апатына түсті