2 часа назад

Оралдық оқушылар дрон жарысында жеңіске жетті

Дрон ұшырудан сайыс Алматы қаласында ұйымдастырылды.

Оралдық оқушылар дрон жарысында жеңіске жетті
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының фотосы

12-14 қазанда Алматы шаһарында «Aspan Fest – 2025» халықаралық дрондар жарысы өтті. Осы сайыста батысқазақстандық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. №28 мектеп-лицейінің оқушысы Әлихан Нысанбаев микро дрон сайысында алтынды қанжығалады. Сондай-ақ Әлихан бес дюймдік дрон жарысынан екінші орынға жайғасты.

 Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Меңдібек Темірханов та әуе ұрысы ұшақтардың жарысында күміс медальді еншіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы футбол дронынан бірінші орынды иеленді. Осының арқасында дарынды өрендер Қытайда өтетін сайысқа жолдама алды

Оқушылар облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында жаттығады. Оларды Айбек Миргалиев баптайды.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp