6 часов назад

Қазақстанда кәсіптік, техникалық оқу орындарына құжат қабылдау басталды

Жаңа оқу жылында 150 мыңға жуық талапкерді қабылдау жоспарланыпты.

Қазақстанда кәсіптік, техникалық оқу орындарына құжат қабылдау басталды
Медет Медресовтың фотосы

25 маусымнан бастап Қазақстанда кәсіптік, техникалық оқу орындарына құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Жаңа оқу жылында 150 мың талапкерді қабылдау жоспарланыпты.

— Мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және тағы да басқа техникалық мамандықтар бойынша артты.Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады. Талапкерлерге төрт мамандық пен төрт колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген. Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсу үшін байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа баллы негізінде өткізіледі, — делінген Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Ал, жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, ал медициналық мамандықтар бойынша бейіндік емтихандар өткізіледі.

Орта буын мамандықтары бойынша құжат қабылдау 25 маусым мен 22 тамыз аралығында өтеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан 20 шілдеге дейін. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан осы жылдың 10 тамызына дейін құжат тапсырып аяқтауы керек.

Медет Медресовтың фотосы

  1. Колледжи Казахстана теперь получают лицензии по специальностям
  2. Три студента из ЗКО признаны одними из лучших в стране
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp