4 часа назад

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы шаһарында тіркелді.

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
Cурет "ЖИ" көмегімен жасалды

23 қазан сағат 12:20 Алматы қаласында жер сілкінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сейсмологиялык зерттеу институтының таратқан ақпарына сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Ол Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан.

— Жер сілкінісінің координаттары: 42.032 с.е.76.784 ш.б Тереңдік он километр. Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша): Есептік қарқындылығы: сезілген жоқ, — деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp