Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман Instagram парақшасында танысының дүниеден өткенін хабарлап, жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Мой Город.

Алғашқы сторисінде ол жақын досының анасынан айырылғанын жеткізген:

«Кеше жан досымның анасы өмірден өтті. Алла алдынан жарылқасын. Сонда қызметтемеміз», – деп жазған.

Кейінгі жазбасында марқұмның өмір жолына тоқталып, оның өнегелі ғұмыр кешкенін атап өтті.

«Апа Алланың берген біраз жасын жасады. Жақсы өмір сүрді. 6 қызы мен күйеу балалары аяғын жерге тигізбей құрмет көрсетті. Немере, шөбере, шөпшек сүйді. Альхамдулиллях! 100-дің 90-ын жасады, оны қазақта той дейді. Бәріне, бізге де рақметін айтып, батасын беріп, разы екенін айтып, алдын ала бәрін тапсырып мәңгі бақи дүниеден өтті. Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін. Артық білгіштен жазбай-ақ қойыңдар. Ненің не екенін білетін жастамын», – деп жазды ол.