02 августа в 17:00

Қазақстанда 245 мектеп реновациядан өтеді

Жөндеу көретін мектептердің дені ауылдық жерде орналасқан.

Қазақстанда 245 мектеп реновациядан өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Қазақстанда 245 мектеп реновациядан өтпек. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жауапты министрліктің таратқан ақпарына сүйенсек, алдағы үш жылда ел аумағында 1231 білім ордасын жаңғырту жоспарланыпты. Биыл жөнделетін білім ордасының 146-сы ауылдық жерде орналасқан, қалғаны қалада екен. Күрделі жөндеу 214 мектепте, 19 оқу ошағында ағымдағы жөндеу мен 12 білім ордасында реконструкция жүргізілмек. Бұл 100 000 оқушының білім алу жағдайын жақсартуға септігін тигізеді екен.

— Жоба заманауи білім беру стандарттарына сай тоғыз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жаңғырту жұмыстары аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау және аумақтарды заманауи стандарттар бойынша абаттандыру көзделген,  -делінген Оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламасында.

Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең жағдайда білім алу және жан-жақты даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етпек.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp