2026 жылдан бастап құрылысшылар қосымша құн салығын төлейді: Салық кодексіндегі өзгерістер құрылысшылардың жұмысына қалай әсер етпек?

2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап құрылысшылар қосымша құн салығын төлейді. Келер жылдан бастап құн салығы 16 пайызды құрамақ.

026 жылдан бастап құрылысшылар қосымша құн салығын төлейді: Салық кодексіндегі өзгерістер құрылысшылардың жұмысына қалай әсер етпек?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Салық кодексіндегі жаңа өзгерістер құрылысшылардың көңілінен шықпады. 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап олар қосымша қосымша құн салығын 16 пайыз қылып төлейді. Сарапшылар елде баспана бағасы кем дегенде 16 пайызға шарықтайтынын айтқан-ды. Барлық құрылыс тауарларының құны қымбаттайтыны сөзсіз. Сол себепті қазақстандық құрылысшылар келер жылы құрылыс ұзақ уақытқа жалғасып, басталған жобалар аяқсыз қалуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің өкілімен кездесті. Бұл туралы ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Құрылысшылар бар мәселені ортаға салды. Олар келісімшарт құнын өзгертіп, салық айырмасын төлеуді сұрайды.

—  Егер мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылыс жобаларының қазіргі маржиналдылығы сегіз пайыз шамасында болса, онда ҚҚС-тың төрт пайыз өсімі бүкіл маржаны жойып, жобаларды шығынға ұшыратады. Бұл сала үшін өте сезінерлік мәселе, – деді ҚҚҚ президенті Виктор Микрюков.

Жиында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс және тұрғын-үй коммуналды шаруашлығы комитеті төрағасының орынбасары Ирина Манжанова 2026 жылы мемлекеттік инвестиция есебінен өтетін құрылыс жобаларын түзету механизмін жедел түрде әзірлеу керек екенін тілге тиек етті. Ол жаңа жылдан бастап барлық құрылыс компаниялары қажетті материалдарын 16 пайыз қосымша құн салығымен сатып алады, сол себепті тапсырыс берушімен келісім жасап, қалған жұмыс көлеміне төрт пайыз қосу керек деген пікірін ортаға салды.

Жиында мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап тұрғын үйлерді қосымша құн салығы салынатынын хабарлады. Бірақ өтпелі кезеңде мына нормалар сақталады екен.

  • 2026 жылдың бірінші қаңтарына дейін құрылысы басталған немесе пайдалануға берілген тұрғын үйге ҚҚС қолданылмайды;
  • 2026 жылға дейін жасалған ұзақ мерзімді жалдау (кейін сатып алу шартымен) келісімдері де ҚҚС-тан босатылады.

—  Қазір құрылыс объектісінің басталу күнін салық салу мақсатында ресми түрде анықтайтын құжаттың қандай болатыны нақты белгісіз. Мемлекеттік органдар бұл мәселені қысқа мерзімде шешіп, барлық құрылысшыларға түсініктеме беруге тиіс, әйтпесе болашақта салықтық даулар туындауы мүмкін, – деп атап өтті Тимур Жаркенов.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінде мемлекет басшысы жаңа салық кодексіне қол қойды. Жаңашылдық 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp