14 августа в 10:00

Атырауда урбанистика орталығы ашылады

Орталық қаладағы саябақ, гүлзардың санын арттырып, шаһар кейпін жақсартумен жұмыстанбақ.

Атырауда урбанистика орталығы ашылады
Атырау облысы әкімдігінің фотосы

Атырауда урбанистика орталығы ашылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа орталық облыс орталығында орналасқан саябақтардың, қала көшелерін күтіп ұстап, гүлзарлардың санын арттырып, шаһар кейпін жақсарту мен дизайн-код енгізу бойынша жұмыстанады. Урбанистика орталғы Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жанынан құрылады деп жоспарлануда. Жаңа орталықтың ұсыныстары жаңа ғимараттарды жобалау кезінде ескеріледі екен. мекемеге урбанист мамандарды жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында да осындай урбанистика орталығы ашылмақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp