• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Орал-Стамбул рейсі ашылды

Стамбулды жалғайтын рейс 4 маусымнан бастап іске қосылмақ.
Орал-Стамбул рейсі ашылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Төртінші маусымнан бастап Орал-Стамбул рейсі іске қосылады. Бұл туралы "Орал" халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар тасымалын түріктің Pegasus Airlines әуе компаниясы тұрақты негізде орындайды. Рейстер аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

- Ыстамбұл — ірі көлік және туристік орталықтардың бірі, ол іскерлік сапарлар мен демалыс үшін, сондай-ақ әрі қарай халықаралық бағыттарға ыңғайлы қосылуға мүмкіндік береді. Тікелей рейстің ашылуы жол жүру уақытын қысқартып, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін халықаралық бағыттардың қолжетімділігін арттырады, -деп хабарлады "Орал" халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда рейстің билеті сатылымға шықты.

Главный баннер --> after article