Қазақстанда мұғалімдерге арналған атестация тағы өзгеріп, тәжірибелі ұстаздар тест тапсырмайтын болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министр бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жаңашылдықтарға сәйкес, ұстаздық қызметте жүрген педагогтер тест тапсырмайды. Тек оқу орнын жаңадан аяқтаған жас түлектер педагогикаға қадам басса, сынақ тапсырады. Және тест тек екі жыл мектепте жұмыс істеп, педагог-модераторға тапсыратын мұғалімдер ғана тесттен өтеді. Өзге санаттағы мұғалімдер атестацияның ережесіне сәйкес барлық кезеңдерінен өтеді. Тек тест тапсырмайды. Олар санатын қорғап шықса, қыркүйектен бастап жалақыға үстемақы қосылады.