Ақтөбеде жылу беру маусымы 17 сәуірде аяқталмақ. Жұмада тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыс орталығында орналасқан әлеуметтік нысандар үшін жылу беру маусымы 28 сәуірге дейін жалғасады.

Сала мамандары жылу желілерін тексеру үшін 11-15 мамыр аралығында гидравликалық тексеріс жүргізбек.

Ақтөбе қаласында жылу беру маусымы бірінші қазанда басталды.

Ал, Атырауда жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталмақ.

Орал қаласының тұрғындары үшін жылу беру маусымы қашан аяқталатыны беймәлім. «Жайық жылу қуат» мекемесінің мамандары ауа райын әлі бақылап отыр. Олар жылуды қашан айыратынын дөп басып айтпады.