Батыс Қазақстан облысында 25 ауыл ішімсіздіктен бас тартқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірде ауыл-аймақтың ащы судан бас тартуы 2023 жылдың сәуірінде басталыпты. Алғашқы болып Сырым ауданына қарасты Жетікөл ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан тыйылған.

Араға екі жыл салып, 2025 жылы аймақта 22 елді мекен осы тізімді толықтырған.

  • Жамбыл ауылы (Ақжайық ауданы) — 265 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қарағай ауылы (Ақжайық ауданы) — 80 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Тегісшіл ауылы (Жәнібек ауданы) — 355 адам (сәуір,2025 жыл);

  • Жұмаев ауылы (Жәнібек ауданы) — 93 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Саралжын ауылы (Қазталов ауданы) — 73 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Сарықұдық ауылы (Қазталов ауданы) — 331 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Бестерек ауылы (Қазталов ауданы) — 106 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қособа ауылы (Қазталов ауданы) — 166 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Шағырлыой ауылы (Сырым ауданы) — 902 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Жігер ауылы (Тасқала ауданы) — 33 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Аққұтыр ауылы (Тасқала ауданы) — 46 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қараой ауылы (Тасқала ауданы) — 12 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қызылбас ауылы (Тасқала ауданы) — 17 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Алмалы ауылы (Тасқала ауданы) — 52 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қалмақшабын ауылы (Тасқала ауданы) — 65 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қисықсай ауылы (Тасқала ауданы) — 18 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Талдыбұлақ ауылы (Тасқала ауданы) — 26 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Еменжар ауылы (Тасқала ауданы) — 24 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Қалмақ ауылы (Тасқала ауданы) — 51 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Ақсоғым ауылы (Теректі ауданы) — 141 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Ақсуат ауылы (Шыңғырлау ауданы) — 165 адам (сәуір, 2025 жыл);

  • Ынтымақ ауылы (Орал қаласы) — 506 адам (маусым, 2025 жыл).

Биыл бұл тізімді Бөкей ордасы ауданына қарасты Кеной ауылы мен Тереңқұдық ауылы толықтырған.

Қылмыстың көбі алкоголь ұрттаудан болады-мыс. Көпті ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыстық азайды ма деген сауал мазалайды. Тәртіп сақшылары Тегісшіл ауылы, Жұмаев ауылы, Саралжын ауылы, Сарықұдық ауылы, Бестерек ауылы, Қособа ауылы, Жетікөл ауылы, Қараой ауылы, Қызылбас ауылы, Алмалы ауылы, Қалмақшабын ауылы, Қисықсай ауылы, Талдыбұлақ ауылы, Қалмақ ауылы, Ақсуат ауылы, Кеной ауылы, Тереңқұдық ауылында мүлдем заң бұзушылық тіркелмегенін хабарлады.

Бірақ 1-2 қылмыс тіркелген ауылдар да бар. Олардың тізімінде Қарағай, Жігер, Аққұтыр, Еменжар, Ақсоғым ауылы бар.

Ішімдіктен бас тартқан ауылдарда да қылмыс тыйылмай отырған елді мекендер бар. Полиция департаменті Жамбыл ауылында төрт, Шағырлыойда сегіз, Ынтымақ ауылы үш қылмыс тіркелгенін хабарлады.