Жақында өзінен 25 жас кіші бойжеткенмен шаңырақ көтергенін жариялаған танымал актер Қажет Смағұл жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Мой Город ақпарат агенттігі.
Өнер иесі Instagram парақшасында видео жариялап, жеке өміріне қатысты бұл жаңалығы ел ішінде түрлі пікір туғызғанын жеткізді.
“25 жас деп бір жазба салып едім, Қазақстан екіге бөлініп кетті. Жерден алып, жерге салып жатқандар бар. “Жарайсың, қолынан келсе алып көрсін” деп құттықтап жатқандар да бар. Әйелімнің суретін салайын ба деп ойлағанмын. Бірақ мынадай негативтен кейін көңілі түсіп қала ма деп ойлап отырмын”, – деді актер.
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал актердің өзінен 25 жас кіші бойжеткенмен үйленгені туралы ақпарат тараған болатын. Ол мешіт алдында түскен фотоларын және неке куәлігін жариялап, жеке өміріндегі өзгерісті ишарамен жеткізген еді.
“Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші… Жүрегім тыныш, көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазған еді актер.