2025 жылы 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
Түлектердің 123 мыңы жұмысшы мамандықтарда оқыпты.

Биыл 170 мың астам студент колледж бітіреді. Олардың 123 мыңы жұмысшы мамандықтарда білім алыпты. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Жұмысшы мамандықтарда оқыған жастардың 27 мыңы дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал он мыңнан астамы кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Министрлік таратқан ақпарға сүйенсек, түлектердің жұмыспен қамту көрсеткіші 81 пайызды құраған.
Қазіргі таңда еліміздің колледждерде металлургия, машина жасау, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлап жатыр.
Жаңа оқу жылынан бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтарды оқыту толықтай тегін болмақ. Мемлекеттік гранттардың 70 пайызы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен он мың студент білім алмақ.